Ал біз жылды қорытындылауды жалғастырудамыз: 2021 жылы 1315 бала емделді, оның ішінде әр түрлі диагнозы бар 659 мүмкіндігі шектеулі балалар (сал ауруы, аутизм, бифида арқасы,миға қан құйылғаннан кейінгі жағдай, бас және жұлын миының жарақатынан кейінгі жай-күй, Дауна сырқаты, психологиялық-сөйлеу қабілетінің кемістігі және т.б.). Бұл жылдың да өзіндік қуаныштары болды, ол біздің бірнеше балаларымыз өздерінің алғашқы қадамдарын жасап, әрі қарай беттерінше жүріп үйренді. Жүргізілген оңалту шараларынан кейін барлық дерлік балалар денсаулықтарының жақсаруымен үйлеріне қайтарылды, тек кейбір балаларға осы жыл ішінде оңалту бірнеше рет жүргізілді. Медициналық және педагогикалық оңалту біздің емделушілерімізге бекітілген стандарттарға сәйкес мультидисциплинарлы команда мамандарымен толық көлемде жүргізіледі. Орталық ұжымы барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Келер жыл бізге көптеген қуаныштар, сәттілік, жетістіктер, жылулық пен жарық әкелсін. Жаңа жыл жарқын күндерге, бақытты сәттер мен жағымды жаңалықтарға толы болсын. Баршаңызға жаңа жылда дендеріңіз сау, көрікті, сүйікті әрі табысты болуларыңызды тілейміз!!!