Оңалту – (rehabilitation сөзі латын тілінде re қайтадан + habilis ыңғайлы, бейімделген) медицинада – басынан өткерген (реабилитация) немесе туа біткен (абилитация) аурулардың, сондай-ақ жарақаттардың нәтижесінен болған физикалық және психикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың денсаулығын, автономдығын, еңбекке қабілеттілігін қалпына келткелтіру бойынша медициналық, психологиялық, педагогикалық, кәсіби және заңды шаралардың кешені.
Оңалту және қайта қалпына келтіру емі екі бағыт бойынша жүргізіледі:
медициналық оңалту және педагогикалық оңалту.
Медициналы оңалтуға дәрі-дәрмекпен және дәрі-дәрмексіз оңалту емі жатады:
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
- Дәрумендер
- Антиоксиданттар
- Ферменттер
- Ботулиникалық токсин а-гемаглютинин кешені Диспорт
- Тырысуға қарсы препараттар
Дәрі-дәрмексіз емдеу
- Апитерапия
- Массаж
- Киізтерапиясы
- Тауба жеңін қолдану
- ЕДШ, Механотерапия
- Емдеудің физикалық әдістері
- Өрмелеутерапиясы
- Локомоторлық терапия кешені
- Бальнеоемдеу
- Оттегітерапиясы
Педагогикалық оңалтудың құрамына кіретіндер:
- Еңбек терапиясы
- Психологпен сабақ
- Логопед-дефектологпен сабақ, логопедтік массаж
- Музыка терапиясы
- Ертеңгіліктер және ойындар жүргізе отырып, педагог-тәрбиешілермен сабақ
- Эрготерапия