«Қалалық балаларды оңалту орталығы»

«Қалалық балаларды оңалту орталығы» А.Есімовтың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 4/973 қаулысы бойынша құрылды. Медициналық қызметпен айналысуға 17.03.2011 ж. № 0162526 АА-4 мемлекеттік лицензияның және оқыту қызетімен айналысуға 12.08.2011 ж. № 0162863 АА-5 мемлекеттік лицензияның негізінде жұмыс істейді. Орталық 2011 жылдың 5 қыркүйегінен бастап қызмет істейді, жату мерзімі  24 күн және 63 төсекке есептелген. 3-жастан 14-жас аралығындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларды сауықтыру мен оңалтуға арналған. Балалардың аналарымен бірге жатуы қарастырылған.

 

Орталық кешенді оңалтуға қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Қызметкерлердің штаттық саны 84 адамды құрайды. Дәрігерлер құрамына невролог-реабилитологтар, педиатрлар, психиатр, ортопед, оның ішінде 2 медицина ғылымдарының кандидаты, 1 медицина ғылымдарының докторы, жоғарғы біліктілік санаты бар дәрігерлер – 50%, 1 санатты дәрігерлер – 50%. Реабилитолог-дәрігерлер Англиядан оқудан өткен. Орта медициналық қызметкерлер арасында жоғарғы біліктілік санаты барлары – 34%, педагогикалық қызметкерлер арасында – 65%.

 

Алматы қ. ШЖҚ «Қалалық балаларды оңалту орталығы»  МКК

 

балаларды оңалтуға жіберуге арналған аурулар тізімі


Оңалту және емдік қалпына келтіру екі бағыт бойынша жүргізіледі: медициналық және педагогикалық

 

Медициналық оңалтуға мына әдістер кіреді:

 

  • Дәрі-дәрмектік: тамырға арналған дәрі-дәрмектер, ноотроптар, дәрумендер, антиоксиданттар, ферменттер, А-гемаглютинин типті ботулиндік уыт кешені (Диспорт препараты)
  • Дәрі-дәрмектік емес тәсіл:

 

 

1) массаж (классикалық, сегментарлық, нүктелі)

 

2) ЕДШ: топтағы және жекелей түрде емдік гимнастика, «Адели», «Гравитон» костюмдерін пайдалана отырып ағзаның бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге арналған арнайы іріктеп алынған физикалық жаттығулардың кешені

3) MOTOmed-жаттықтырушыда (Германия) және ортопедиялық велосипед «Rifton» (АҚШ) механотерапия

4) Емдеудің физикалық әдістері: электрлі емдеу (электрофорез, электұйқы, диадинамотерапия, амплипульстерапия, электростимуляция, УВЧ-терапия, магниттік терапия) жарықпен емдеу (УФО, Биоптрон), ультрадыбыспен емдеу, бальнеотерапия (минералдық тұздармен емдік ванналар), жылумен емдеу (парафин), ингаляциондық терапия, оксигендік терапия (оттегі коктейлі).

 

Педагогикалық оңалтуға келесі әдістер кіреді:

 

1) Еңбек терапиясы

 

2) Психологиялық әдістер (психотерапия, сенсорлық бөлмеде сабақ жүргізу, «Мультикид» және «Эдуплей» мультимедиялық құрылғысында сабақ)

3) Музыкатерапиясы

4) Логопедпен және дефектологпен сабақ, логопедиялық массаж

5) Ертеңгіліктер мен ойындар өткізе отырып, педагог-тәрбиешілермен сабақ.

Орталық аумағында арнайы қауіпсіз резеңкелі жабындары бар әткеншектер,  сырғанақтар,  күркелер,құмсалғыштар, спорттық алаңдар орналасқан ойын алаңдарымен жабдықталған.

 

2012 жылдан бастап жұмысы «онлайн» режиміндегі жеке web-портал жұмыс істейді.

 

Әрине, біз бұл жетістіктерімізбен тоқтамаймыз, сондықтан болашақта жаңа технологияларды пайдалана отырып және дәстүрлі медицина әдістерімен психоневрологиялық патологиясы бар балаларды оңалтуда әлемдік тәжірибелерді енгізуді жоспарлаудамыз.

 

2013 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Қалалық балаларды оңалту орталығы» басқа қаладан келген балаларға, шет ел балаларына, емге жатқызу Бюро порталы бойынша жолданбаған балаларға ақылы медициналық және педагогикалық қызмет көрсетеді.

 

2014 жылға арналған ШЖҚ «Қалалық балаларды оңалту орталығы» МКК ақылы қызметтерінің

 

ПРЕЙСКУРАНТЫ