Қазақстанда кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялау жалғасуда. 2023 жылы ол азаматтардың жаңа санаттарына әсер етеді, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. 2022 жылғы 15 қыркүйекте табыстарды жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады. Келесі жылдан бастап есептілікті мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыра бастайды. Жалпыға бірдей декларациялау туралы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру мақсатында бүгін Қалалық балаларды оңалту орталығында бас маман С. Б. Тілеулиновпен ұжымның кездесуі өтті.