Қалалық балалар оңалту оралығында балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады.
Кішкентай қасықпен дақылды бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Қасықпен жұмыс кезінде қолдың басы қимылдайды, мұқияттылықпен, ұқыптылықпен орындауға бейімделеді.
Енді бұршақ түстеріне, пішіндеріне, көлемдеріне қарай отырып, суреттер салуға да болады.
Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:
-заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;
-бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;
-бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;
-солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру;
-көру қабілетін күшейту.
Қалалық балалар оңалту орталығында балалардың жас ерекшеліктері 3-7жас және 8-14жаска дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-еңбектерапвет үшін ең маңызды міндет десек, онда баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді.
Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан әрі де түрлі әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.