«Қалалық балалар оңалту орталығы»
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (әрі қарай – Орталық) Алматы қ. әкімі А.Есімовтың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 4/973 қаулысы бойынша құрылған, 3-жастан 14-жас аралығындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларды медициналық оңалту мен сауықтыруға арналған.
Орталық Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық балалар оңалту орталығының ашылуына дайындық туралы» 03.08.2011ж. № 442 бұйрығына сәйкес 2011 жылдың 5 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.
Жату мерзімі 17 күннен 24 күнге дейін және 75 төсек-орын/күніне есептелген. Өзіне қызмет көрсете алмайтын балалар үшін еріп жүретін адаммен бірге болу көзделген.
Орталық құрылымына келесі бөлімшелер кіреді:
- 9 палата (әрбір палата жатын бөлмесінен, ойын және жуыну бөлмесінен тұрады).
- қабылдау бөлімі
- оқшауландыру бөлмесі (5 төсекке)
- ЕДШ залы
- физио кабинеті
- бальнеотерапия бөлмесі
- психологиялық жеңілдену бөлмесі
- массаж кабинеті
- емшара кабинеті
- логопед, дефектолог, психологтың кабинеті
- музыка залы
- бір ақылы бөлме
Балалардың церебральды сал ауруы, аутизмі, психологиялық-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі және басқа да психоневрологиялық патологиясы бар балаларды оңалту және қалпына келтіру емі екі бағыт бойынша жүргізіледі: Медициналық және педагогикалық.
Медициналық оңалту келесі әдістерді қамтиды:
- Дәрі-дәрмектер: тамырға арналған препараттар, ноотроптар, дәрумендер, антиоксиданттар, ферменттер, А типті ботулинум токсинінің кешені-гемаглютинин (Диспорт препараты)
- Дәрілік емес:
1)Массаж (классикалық, сегменттік, нүктелік)
2) ЕДШ: топтағы және жеке емдік гимнастика, "Адели", "Гравитон" костюмдерін пайдалана отырып, ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіру үшін арнайы іріктелген дене жаттығуларының кешені, көлбеу вертикализаторларда, тік-тіктегіштерде, кері көлбеу вертикализаторларда, оңалту орындықтарында, церебральды сал ауруы бар балаларға арналған отыруға арналған тіректерде "позициямен" емдеу, жаяу жүруге арналған баспалдақпен жүруді үйрету, қоссырық оңалту, "Жебе" жүруге арналған тренажерлер, " Менің қолымнан келеді!" жүруге арналған тіреуіштерінде жаттығу жасау және т. б.
3) MOTOmed-жаттықтырғыштарындағы (Германия) және "Rifton" (АҚШ) және "Taneta" (Литва) оңалту велосипедтеріндегі Механотерапия.
4) Емдеудің физикалық әдістері: электрмен емдеу (электрофорез, электр ұйқы, диадинамотерапия, амплипульстерапия, электр ынталандырғыш, УВЧ-терапия, магнитотерапия), жарықпен емдеу (УФО, Биоптрон), ультрадыбыспен емдеу, бальнеотерапия (минералды тұздарды қолданатын емдік ванналар), жылумен емдеу (парафин), ингаляциялық терапия, оттегі терапиясы (оттегі коктейлі)
Педагогикалық оңалту келесі әдістерді қамтиды:
1) Еңбек терапиясы
2)Психологиялық әдістер (психологиялық терапиялар, сенсорлық бөлмеде сабақтар жүргізу, «Мультикид» и «Эдуплей» құрылғыларындағы мультимедиялық сабақтар)
3) Музыкалық терапия
4) Логопедпен және дефектологпен жүргізелетін сабақтар, логопедтік массаж.
5) Мұғалім-тәрбиешілермен, ертеңгіліктер мен ойындар өткізе отырып жүргізілетін сабақтар.
Оңалту барысында орталықтың мультидисциплинарлық командасы емделушілерге " Оңалту 2а ", " Оңалту 2Б ", "Қолдаушы оңалту", "Қайта оңалту" бағдарламалары бойынша толық көлемде көмек көрсетеді.
Мультидисциплинарлық команда (МДК) – медициналық оңалту бойынша даярлығы бар және үйлестіруші-дәрігердің басшылығымен кешенді оңалту көрсететін Орталық мамандарының тобы.
Мультидисциплинарлық команданың (МДК)құрамы:
- Үйлестіруші-дәрігер
- Физиотерапевт
- Кинезотерапевт (ЕДШ нұсқаушысы, ЕДШ дәрігері)
- Эрготерапевт (еңбек терапевті)
- Психолог
- Мамандандырылған мейірбикелер
Көрсеткіштер бойынша
- Логопед / дефектолог
- Музыкалық терапевт
- Педиатр-дәрігер
-Ортопед-дәрігер
-Психиатр-дәрігер
Үйлестіруші дәрігер-медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен және МДК жұмысын үйлестіретін невропатолог дәрігер.
2016 жылдан бастап Орталық базасында психоневрологиялық патологиясы бар балаларды оңалтуда әлемдік тәжірибені енгізу басталды.
1. Өрмелеу терапиясы – бұл өрмелеп шығу құрылғысын пайдалана отырып орындалатын кинезотерапияның түрі. Скалодром – бұл бұл жартас бедерін елестететін француз Франсуа Савинидің ойлап тапқан жаттықтырғышы. Өрмелеу бір уақытта жүрек-қантамырлар жүйесін, сіңір мен бұлшықет күшін жаттықтырады, иілгіштікті, үйлестіру мен балансты дамытады. Осылайша қадам стереотипі қалыптасады. Осындай скалодромдағы жаттығу көмегімен бала бұлшықеттің барлық тобын жаттықтыра отырып, ойын түріндегі жетерліктей жас мөлшерінің қимыл-қозғалыс жүктемесін ғана алып қоймайды, сонымен қатар онда тізелерін жоғары көтеру мен аяқтарын екі жаққа соза отырып, қадам стереотипі қалыптасады.
2. Киізтерапиясы - киіз аппликаторларымен орау көмегімен балаларды емдеу тәсілі.
Киіз аппликаторымен тығыз қатынас бұлшықет тонусын азайтуға, қанайналымын жақсартуға, бұлшықет ауырсынуларын болдырмауға ықпал етеді. Киіз терапиясын жүргізу парафин терапиясының нәтижелігін арттыруға көмегін тигізеді.
3. Таубе жеңі – гемипаретикалық синдроммен ауыратын балаларды оңалтудағы иммобилизациялық әдіс терапиясы. Терапияның негізі-зардап шекпеген аяқ-қолды иммобилизациялау, осыған байланысты зардап шеккен аяқ-қол күнделікті тұрмыстық белсенділікке байланысты қозғалыстар жасауға мәжбүр. Иммобилизация үшін оңалту курсы бойы 5-7 сағат ішінде өзгертілген Таубе жеңі қолданылады. Түйілу гемипарезбен ауыратын науқастарды оңалтуда бұл әдісті пайдалану зақымдалған қолдың қызметін қалпына келтіру тапсырмасын неғұрлым оңтайлы түрде шешуге ықпалын тигізеді.
2017 жылдан бастап Орталықта АПИТЕРАПИЯСЫ қолданылады, Апитерапия (apitherapia; лат. apis ара + терапиясы)– бұл емдік мақсатта ара шаруашылығы өнімдерін қолдану.
Апитерапия емдік мақсатта ара балы мен Аналық сүтті қабылдауды қамтиды.
Апитерапиясы мына ауыруларда сәтті қолданылады:
- Невриттар мен невропатияларда;
- Невроздарда, неврастения, күйзеліс,қорқынышта, долылықта;
- Жекелеген невротикалық синдромдар: ықылық, аэрофагия, психогендік саңырау мылқаулықта, тұтығу, тартуларда, блефароспазмдар, тремор, түнгі шыжың, жүйке анорексиясы;
- Вегатативті жүйке жүйесінің аурулары, гипергидроз, Рейно синдромы мен ауыруы, бас сақинасы, вегетативтік криз;
- Эпилепсия;
- Хорея және басқа да гиперкинездер;
- Балалар сал ауруы;
- Бас сүйек миы жарақатының салдары;
- Арахноидиттар;
- Салдану мен шала салдану;
- Көп ауыратын балалар;
- Таңдай бадамшаларының гипертрофиясы.
- Созылмалы гастродуоденит;
- Миалгиялар;
- Миозиттер;
2017 жылдан бастап Орталық емделушілерінің тамақтануына бие сүтінен жасалған йогурт енгізілді. Бие сүтінде адам ағзасына қажетті 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар: аминқышқылдары, майлар, ферменттер (лизоцим, амилаза), микроэлементтер (кальций, натрий, калий, фосфор, темір, магний, мыс, йод, күкірт, кобальт, мырыш, кремний, бром) және витаминдер (А, С, В1, B2, B6, B12, E, N, PR, бета-каротин, фолий қышқылы...), оңтайлы теңдестірілген пропорцияларда. Бие сүтіндегі А, В, С, Е дәрумендерінің және микроэлементтердің деңгейі жануарлардан алынатын өнімдер арасында ең жоғары. Бие сүті ағзаға оңай сіңеді, оны асқазан-ішек жолдары мен бауыр ауруларында қолдануға болады, ал вирусқа қарсы және бактерияға қарсы әсерлердің арқасында оны иммунитетті арттыру үшін жұқпалы аурулардан қорғауда қолдануға болады.
Аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау және қолдау мақсатында Орталықта емделушілермен және олардың ата-аналарымен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары үнемі жүргізіледі. Белсенді ойындар мен демалу үшін Орталықтың аумағы әткеншектер, сырғанақтар, күркелер, құмсалғыш, үстел теннисіне арналған үстелдері бар ойын алаңдарымен жабдықталған, арнайы қауіпсіз резеңке жабынмен жабдықталған спорт және волейбол алаңдары бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын кешені бар.