Мен Бакенова Гаухар осы Қалалық балалар оңалту орталығында

еңбек -эрготерапевт болып жұмыс жасап, еңбек сіңіргеніме 12 жыл да болып қалыпты .Зымыраған уақыт десеңізші.Осы уақыт аралығында қаншама мүмкіндігі шектеулі балаларға бар білген ,оқыған іс-тәжірибиелерімді қолданып келемін.Соның ішінде ұсақ -ірі маторикаларының ,бала дамуына аса зор ықпал ететін пассивті жаттығу түріне тоқталып кетейін.

Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркенбеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Су-Джок терапиясының құралдарын пайдаланған дұрыс.

Балалардың сөйлеу құзыреттілігін және қимыл әрекеттерін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет: бетті, қолды бүгу; саусақ ойындары; театр түрлері; дидактикалық ойындар; табиғи заттармен ойындар; шығармашылық жұмыстар; оригами (қағаз бүктеу).т.б жұмыстарды жүргізуге болады.

Ұсақ ірі моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижеге жетеміз:

1. Сөйлеу тілі жетіледі.

2. Қимыл қозғалыс қабілеті артады.

3. Икемділігі арта түседі.

4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды.

5. Танымдылық деңгейі артады.

Баланың бойына сенімділік пайда болады, құлшынысы артады. Ойындар арқылы, біздер баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға деген ынтасын, белсенділік пен қызығушылық, жалпы танымдылық қабілеттерін дамытамыз.