18.02.2022
2 - айналым
Мен Адинова Мадина Адинов Ахметтің анасымын. 2012 жылдан бері үзбей осы түзету орталығына келіп ем алып жүрміз. Ұжым басшысы Роот Э.К.- ға, барша ұжымға алғысымыз шексіз. Осы орталықтан ем алып Ахмет жүріп кетті. Қызметкерлер өз істерінің маманы: Лязат апай тәрбиешіге, медсестра: Фарида апайға, Динара ханымға, Арзыгүл ханым. Санитарка Ляззат татеге, невролог Маржан Макеновнаға, Адалят Ахметжановнаға, барша ұжымға алғысым шексіз. Сіздерге үлкен жетістік тілейміз. Назарова Мавлюда Зунуновнаға, Гулминам апайға.
18.02.2022
2-заезд
Я, папа Кутчановаі Мансура, очень благодарен сотрудникам ГДРЦ, всему медицинскому персоналу за профессионализм, за очень чуткое отношение к детям.Мы уже в третий раз ложимся, и сын получает очень профессиональное лечение, и сын счастлив. Спасибо вам большое!
18.02.2022
2-заезд
Мен Алтаева Г.Е. Бейсен Ақниеттің анасы осы ұжымға алғысымыз шексіз. 2010 жылдан бері осында ем аламыз. Ұлыма өте ұнайды. Медбикелерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңыз жүре берсін. Жақсылық тілеймін.
04.03.2022 ж.
3 – айналым
Мен Нурдавлет Кәусардың апасы. Осы «реабилитационный центр» орталығында жұмыс істейтін қызметкерлерге рахметімізді айтамыз. Врач Адалят Ахметжановнаға, логопед Раушан апайға, массажист қыздарға, ЛФК қыздарына, столовыйдағы қызметкерлерге, тазалық жағынан көңіліміз болады. Сіздерге еңбектеріңізге табыс, денсаулықтарыңыз мықты болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
28.03.2022 ж.
4 – айналым
Мен Делдар Марияхан Жалел Жанарудың әжесімін. Менің немерем Жанаруды емдеген осы оңалту орталығының ұжымына оның ішінде барлық жағдайымызды жасап жатқызған орталықтың директоры Эльвира Қанатқызына емдеуші дәрігеріміз Маржанға, ЛФК, массажист Альмираға логопед Заринаға және барлық қызметкерлерге көп көп рахметімді айта келе дендеріне саулық, бақыт, байлық, ырыс несібе, береке бірлік тілеймін. Отбастарыңа амандық, отанымыз тыныш болсын деп.
28.03.2022 ж.
4 – айналым
Мен Өмірбаева Сара Өмірбайқызы осы оңалту орталығына немерем Мейірбекпен үшінші рет ем алып жатырмыз. Ұжым басшысынан бастап бүкіл дәрігер яғни шипагер дейміз бе мед персоналдардың қызметіне өте ризамыз. Бізге ұнайды балаларға қараулары олармен тіл табысулары. Массаж, физио, лфк мамандарына шексіз алғыс.тазалық өте керемет, медбикелер сондай жүректері таза инабатты, ибалы керемет жандар. Емдеуші врачтарымыз өте жақсы білікті маман Адалят Ахметжановнаға, Ляззат апайымызға, Раушан, Оксана т.б. бөліп жаруға болмайтын абзал жандарға мың алғыс. Лфк мамандарына жатыр айрықша рахмет. Динара айналайын құдай қолыңа қуат берсін! Қанша балалардың сауабына қалып жатсыздар. Ешкімді бөліп жарғыс келмейді. Алла сіздерге қуат берсін. Осындай ұжымды басқарып отырған Эльвира Қанатқызына мың алғыс!
13.05.2022 г
6 – заезд
Хочу выразить слова благодарности всем сотрудникам ГДРЦ города Алматы мкр. Аксай 2 дом 41 а, во главе с Роот Э.К. В эти необычайно трудные времена вы проявляете милосердие, стойкости и профессионализм, используя современные эффективные методы лечения. Ваши старания приносят положительные результаты, способствующие физическому и эмоциональному выздоровлению «особенных» детей. Вы заслуживаете современного специализированного помещение настоящего «Дворца» за такую грандиозную работу. Большое спасибо за любовь, доброту и заботу. С уважением Азизова Гульжахан Маликовна бабушка 2 близнецов Ролана и Амаля Искаковых.