Қалалық балалар оңалту орталығында Наурызнама аясында “Шаңырақ күніне” арналған тренинг өткізілді. Іс-шараны орталықтың психолог маманы жүргізіп, оған емделуші балалардың ата-аналары қатысты.
Тренингтің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және өзара түсіністікті арттыру. Қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, тәжірибелік тапсырмалар арқылы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі маңызды аспектілер жөнінде кеңестер берілді.
Шара барысында жылы атмосфера қалыптасып, ата-аналар бір-бірімен тәжірибе алмасып, пайдалы ақпарат алды. Тренинг соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

********************************************************************

В городском детском реабилитационном центре в рамках Наурызнама прошёл тренинг, посвящённый «Дню Шанырака». Мероприятие провела психолог центра, в нём приняли участие родители детей, проходящих лечение.
Основной целью тренинга стало продвижение семейных ценностей, укрепление взаимоотношений между родителями и детьми, а также повышение уровня взаимопонимания. Участники выполняли различные психологические упражнения и через практические задания делились своими мыслями. Кроме того, родителям были даны рекомендации по важным аспектам воспитания детей.
В ходе мероприятия сложилась тёплая атмосфера, родители обменялись опытом и получили полезную информацию. В завершение тренинга участники выразили благодарность организаторам и отметили важность проведения подобных встреч.