Бұл күн – әр адамның денсаулығының маңыздылығын еске салатын ерекше дата. Денсаулық – өмірдің ең үлкен байлығы, сондықтан оны сақтау әрқайсымыздың басты міндетіміз. Дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты, уақытылы демалу және зиянды әдеттерден аулақ болу – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі.
Сонымен қатар, Қалалық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері бұл игі бастаманы қолдап, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған челленджге белсенді түрде қатысуда. Олар күн сайын денсаулықты нығайтуға бағытталған әрекеттерді жасап, өзгелерге үлгі болуда.
Деніңіз сау болсын!





