Қалалық балалар оңалту орталығында Көрісу күніне (Амал мерекесіне) орай тәрбиеші мамандар тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында балаларға қазақ халқының дәстүрлері мен салт-дәстүрлері туралы кеңінен түсіндіріліп, Көрісу күнінің мәні мен маңызы баяндалды.
Тәрбиеші мамандар арнайы дайындалған көрнекіліктер арқылы мерекенің тарихы, адамдардың бір-бірімен амандасып, ізгі тілектер айту дәстүрі туралы таныстырды. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, ұлттық дәстүрлер жайлы өз ойларымен бөлісті.
Мерекелік кездесу барысында жылы лебіздер айтылып, татулық пен сыйластықтың маңызы насихатталды. Іс-шара балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуге бағытталды.