Бүгін ШЖҚ «Қалалық балалар оңалту орталығы» КМК директоры Роот Эльвира Қанатовна ұжым алдында жалпы жиналыс өткізіп, 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың жылдық есебін берді. Есеп беру жианлысына Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Имангалиева Лайла Тұрсынбековна, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ахметова Жадыра Камбыловна, Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ "Қалалық балаларды оңалту орталығы" КМК Бақылау кеңесінің төрағасы Надирова Күләш Есказиевна қатысты. Мұндай есеп жыл сайын дайындалғанымен, бұл жай ғана қорытындылау емес — бұл атқарылған жұмысты талдау үшін де, Орталықты одан әрі дамытып, болашаққа жоспар құру үшін де қажетті маңызды кезең. 2025 жылды қорытындылай келе, Орталық ұжымы жұмысты ұдайы жетілдіре отырып, пациенттерімізді оңалту үшін одан да қолайлы және тиімді жағдайлар жасаумен алға жылжуды жалғастырады.