Қалалық балаларды оңалту орталығында менталды бұзылыстары бар балаларды оңалтуға арналған инновациялық бағыт — «Smart Mental» саналы ойлау мектебі енгізілді.
«Smart Mental» саналы ойлау мектебінің мақсаты — ата-аналарды қолдау, баласын тереңірек түсінуге көмектесу, күнделікті қиындықтарды сенімді түрде еңсеруге және баланың дамуына саналы түрде қатысуға үйрету. Мектеп аясында өмірде оңай қолдануға болатын қарапайым, тиімді және практикалық білім мен дағдылар беріледі.
Оқыту барысында психолог және логопед-дефектолог, ойын терапевтінің қатысуымен ата-аналарға арналған практикалық сабақтар өткізіледі. Қатысушылар күнделікті өмірде және үй жағдайында балалармен жұмыс істеуде тиімді қолдануға болатын пайдалы білім мен практикалық дағдыларды меңгереді, әсіресе менталды бұзылыстары бар балалармен (ЗПРР, РАС, Даун синдромы, интеллектуалдық даму бұзылыстары бар балалар).
Оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін ата-аналарға «Smart Mental» саналы ойлау мектебі бағдарламасы бойынша куәліктер табысталады.