Церебралды сал ауруы (ЦСА) - бұл нәрестенің орталық жүйке жүйесінің Ұрықтың даму процесінде, босану кезінде немесе өмірдің алғашқы 1-2 жылында зақымдануы нәтижесінде пайда болатын ауруға тән қозғалыс бұзылыстарының жиынтығы. Патология жеңіл қиындықтардан толық қозғалмауға дейінгі әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі қозғалыс функцияларының бұзылуы түрінде көрінеді. Әдетте, церебралды сал ауруы бар балада сөйлеу және / немесе психикалық бұзылулар, ақыл-ой дамуының кешеуілдеуінің әртүрлі формалары болады. Церебралды сал ауруын емдеу мамандандырылған орталықтарда жүзеге асырылады. Әр емделуші туындаған мәселелер бойынша онымен жеке жұмыс істеуді және кешенді шешуді талап етеді. Қалалық балалар оңалту орталығында м.ғ. д., профессор Чемерис А. В. жүргізетін церебралды сал ауруын емдеудегі ботулинотерапиясы сәтті қолданылады. Ботулинотерапияны қолданудың негізгі мақсаты - қол мен аяқтағы бұлшықеттердің патологиялық тонусын (спастикасын) азайту ,оңалту шаралары мен бала күтімін жеңілдету, контрактуралардың алдын алу болып табылады. Ботулинум токсинін бұлшықеттердің патологиялық тонусын түзету және баланың қозғалыс белсенділігін жақсарту үшін церебралды сал ауруы бар балаларды емдеудің кешенді бағдарламасының бөлігі ретінде қолдану керек. Инъекциялардың өзі баланың жаңа қозғалыстарды игеруін қамтамасыз етпейді, бірақ оңалтудың басқа әдістерін жүргізуді едәуір жеңілдетеді және кейбір жағдайларда қозғалыстың келесі деңгейіне өтуге айтарлықтай ықпал етіді.