Қалалалық балалар оңалту орталығында логопед мамандары балалардың әр түрлі қабілеттерін дамыту үшін Edu Play қондырғысымен жұмыс жасайды.

Edu Play- бұл мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру , сондай-ақ ерекше балаларды дамыту үшін жасалған оқу құралы. Edu Playге бағдарламаларды жүктеп, балалардың келесідей қабілеттерін арттыруға болады:

-Көру және есту жадының дамуы

-Заттарды, көрнекі қабылдауды дамыту

және фигураларды тану

-Жіктеу қабілетін дамыту,

топтастыру және жалпылау

-Сөздік қорын дамыту

-Кеңістіктік қабылдауды дамыту

-Түстерді тану және атау қабілеті